Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында есеп беру кезегі Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияровқа келді. Атқамінердің сөзінше, аудандағы ауылдардың барлығы таза ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл ауданға төрт млрд 500 млн теңге бөлінді. Тұрғындардың орташа жалақысы 284 мың 500 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 мыңға көп екен.

Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі — ауыл шаруашылығы. Биыл аталған аймақ бойынша егіс науқанына 87 серіктестік шықты. Олар барлығы 280 мың гектар аумаққа дән сіңірді. Мол көлемде өнім алу мақсатында 5 млрд теңгеге 250 техника мен 22 мың тонна минералды тынайтқыш сатып алынған. Қажырлы еңбек пен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында ауданда орақ науқаны ойдағыдай өткен.

«Ағымдағы жылы диқандар 460 мың тонна дәнді дақыл жинады. Орташа шығымдылық гектарына 25 центнерді құрады. Майлы дақылдардың егіс көлемін 31 гектарға ұлғайттық», деді спикер.

Есіл ауданында ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылған. 30 шақырымға жуық жол жөнделген, елді мекендердің дені орталықтандырылған сумен қамтылған. Атқарылған маңызды істердің нәтижесінде ауданға 120-ға жуық қоныс аударушы көшіп келген. Бұл аудандағы кадр тапшылығының азаюына септесті.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *