Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдерімен жүздесті. Ол жиналған жерлестерімізге бірлік пен бейбітішлікті сақтауға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Әр этномәжени ұйымның қоғам тынышығын сақтауда рөлі зор екенін айтты , деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Достық үйінде өткен кездесуде елдегі татулық пен бірлік төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбіді

«Бұл ортада шынайы тұрақтылық сезіледі. Адамдар бірін-бірі тыңдайды, түсінеді, ортақ ой табуға тырысады. Әрқайсысыңыздың жүзіңізден татулық, достық лебі сезіледі. Осындай береке мен бірлік қоғамның тыныштығын сақтауда маңызды рөл атқарады», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев.
Кездесуде сөз алғандардың ішінде №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова да болды. Аталған оқу ордасында 10-нан астам этнос өкілінің ұйымдары құрылған. Білім ұясының ұжымы жақын уақытта түрік этномәдени бірлестігін ашуды жоспарлап отыр.

«Біздің мектепте әр этнобөлімнің жұмысын жүргізіп отырған мұғалімдер бар. Олар — өз бөлімдерінің жетекшілері, мәртебесі бар білікті мамандар. Ұлағатты ұстаздардың санат алу мүмкіндігі де қарастырылған. Сонымен қатар, әріптестерім өздері оқытатын тіл бойынша сыртта курстан өту мүмкіндігіне ие. Мысалы, тәжік тілін алайық. Мұғалім Тәжікстанда біліктілік арттыра алады», — деді №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова.
Сергей Пономарев Ләззат Жалмұқанованың сөзін тыңдай отырып, оның мектептегі тиянақты еңбегі мен балаларды бірлікке тәрбиелеуге қосып жүрген үлесін жоғары бағалады. Парламент Мәжілісінің депутаты ұсыныс тыңдауға дайын. Ол жерлестеріміздің көкейінде жүрген мәселелерді билікке жеткізіп, шешіп, көмек көрсетуге дайын.
«Мен — халықтың ұсыныс-тілегін тыңдап, жоғарыға жеткізетін адаммын. Бұл — менің тікелей міндетім. Егер айтарларыңыз болса осы жерде естіп, талқылауға дайынмын. Өңірлердегі кейбір мәселелер осындай тәсіл арқылы шешіліп жатады», — деді ол
Тағы оқыңыз: Петропавлда дизайн-код әзірлеу бойынша биыл нормативтер бекітіледі

