Тілсіз жау тағы бір адамның өмірін жалмады. Ғ.Мүсірепов ауданы Рузаевка ауылында темекі тұқылынан таралған өрттен ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға қарашаның 12-сі күні сағат таңғы тоғыз шамасында орын алған. Өрт сегіз шаршы метр аумақты шарпыды. Отты ауыздықтау кезінде баспана ішінен 1991 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
«Қайғылы жайттың жай-жапсары анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ер адам ас үйде темекі шеккен. Салдарынан тұқылы сөнбей, өрт тараған», — деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Аққайың ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған 27 баспана салынуда

