Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында өңірге аты шыққан кәсіпкер көз жұмды. Ол өзіне аңшылық қарудан оқ атқан дегее болжам бар, деп жазады Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға 13 қараша күні Тимирязев ауданы Целинное ауылында орын алды. 57 жастағы ер адамның денесі өз үйінде табылған. Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, ол өзіне аңшылыққа арналған мылтықтан оқ атқан.
Факт бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Ал, марқұмға келер болсақ, ол — егін және мал шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкер Олег Хлебуш. Ол ауылдың әлеуметтік дамуына үлес қосып, жерлестерінің ықыласына бөленген жан.
Аталмыш ауданда бірінші қараша күні тағы бір аграрий көз жұмған болатын. Оны ауылдасы суық қарудан атып тастаған еді.
Тағы оқыңыз: СҚО соттарында судьялар ауысты

