Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде кадрлық өзгерістерге байланысты жабық отырыс өтті. Онда кадрлық ауыс-түйіс талқыланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Президент Жарлығына сәйкес, Шал ақын ауданының ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Рүстем Қошқарұлы Омаров тағайындалды. Бұған дейін ол Петропавл қаласының №2 сотында судья болып еңбек еткен. Облыстық соттың төрағасы Серікжан Ғабдулин жаңа төрағаны құттықтап, сот жүйесінде адал қызмет етіп, әділдік пен жауапкершілікті басты қағида етуге шақырды.

СҚО соттарында судьялар ауысты
СҚО соттарында судьялар ауысты

Сондай-ақ, осы Жарлықпен бірқатар судьялар өзге өңірлердің соттарына ауысты.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Асламбек Киікбайұлы Көшенов Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына судья болып тағайындалды.

Ғ.Мүсірепов ауданының судьясы Ғалия Қайырқанқызы Ертаева Қостанай облысы Қамысты аудандық сотының төрағасы қызметіне жіберілді.

СҚО соттарында судьялар ауысты
СҚО соттарында судьялар ауысты

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бері 20 адам буллинг үшін жауапкершілікке тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *