Биыл Қазақстан мемлекеттік статистикасының құрылғанына 105 жыл. Осыған орай QM редакциясы СҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

105 жылдың ішінде сала заман талабына сай дамып, халыққа сапалы әрі ашық ақпар ұсынатын деңгейге жетті. Аталған қызмет өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты барлық маңызды деректерді жинап, талдау жасап келеді.
Бұл мәліметтер аймақтың нақты ахуалын бағалауға және алдағы жоспарларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз Нұрғалиеваның департаментте еңбек етіп жүргеніне 20 жылдан асқан. Маман өзінің еңбекқорлығы мен жауапкершілінің арқасында қарапайым қызметкерден басшының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Қазақстан статистикасына - 105 жыл
Қазақстан статистикасына — 105 жыл

«Статистика саласына соңғы жылдары едәуір өзгеріс енді. Қағазбастылық атымен жоқ деп айтуға болады. Аталған салада жұмыс істеу асқан ұқыптылықты талап етеді», — деді СҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары Жұлдыз Нұрғалиева.

Бүгінде статистикалық ақпарат халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Соңғы жылдары барлық мәліметтер электронды форматта колжетімді болды. Stat.gov.kz сайты үш тілде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, пайдаланушылар «Талдау» жүйесі арқылы деректерді график, диаграмма түрінде көре алады. Ұлттық статистика бюросы үнемі даму үстінде. Деректердің дәл, сенімді және баршаға түсінікті болуына бағытталған жаңашылдықтарды енгізіп келеді. Департаментте 17 жылдан бері жұмыс істеп жүрген Людмила Балгаринаның сөзінше, қазіргі танда кәсіпорындардың 95 пайызы есепті электронды форматта ұсынады.

«Статистика саласында жұмыс істеп жүргеніме еш өкінбеймін. Қызметім асқан ұқыптылықты қажет етеді. Деректерді жинаған кезде бір саннан болсын қателесуге болмайды. Бұл — кәсіпкерлердің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Аталған қызметте жүрген жан адамдармен де тез тіл табыса білуі тиіс», — СҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басқарма басшысы Людмила Балгарина.

Қазіргі таңда облыстық бейінді департамент 28 сала бойынша деректерді жинақтайды. Құрылымында 14 басқарма мен 13 аудандық бөлімше бар. Салада барлығы 100-ден астам адам еңбек етеді. Ұжымның басым бөлігі — әйелдер.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық жас палуан республикалық турнирде топ жарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *