СҚО-ның білім беру саласында кадр тапшы. Өңір мектептеріне бақандай 206 педагог жетіспейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыстағы орта білім беру мекемелерінде 12 мыңнан астам ұстаз жұмыс істейді. Оның үш мыңы — жас маман. Бірақ, кадр тапшылығының бары да жасырын емес.

Облыстың білім беру ұйымдарына 206 педагог жетіспейді. Қажеттілік қосымша жұмыс істейтін мұғалімдер мен зейнеткерлер есебінен жабылған.

«Облыс білім беру ұйымдарында 206 педагогқа қажеттілік бар, оның ішінде Петропавл қаласында – 33. Сабақтар жүргізіліп жатыр, қажеттілік қосымша жұмыс істейтін мұғалімдер мен зейнеткерлер есебінен жабылған.
Облыс бойынша математика, физика пәні мұғалімдеріне, психологтарға, әлеуметтік педагогтарға және ағылшын тілі мұғалімдеріне сұраныс бар.
Петропавл қаласында математика пәні мұғалімдеріне, әлеуметтік педагогтарға және педагог-ассистенттерге қажеттілік байқалады», — делінген СҚО білім басқармасы жіберген хабарламада.

Шыны керек, жастар білім беру саласына келгісі келмейді. Бірақ, қазіргі таңда мұғалімдікті таңдаған ұл-қыздардың шәкіртақысы 84 мыңға дейін өскен. Орташа жалақы 222 мыңды құрайды.

СҚО білім басқармасы жіберген хабарлама бойынша өңір бойынша 49 ұстаз «педагог-шебер» біліктілік санатына ие. Өңіріміздің білім беру ұйымдарында 785 зейнеткер ұстаз жұмыс істейді. Оның 113-і — Петропавлда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпорындарға заңсыз тексеріс жүргізген 65 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *