Петропавлда су бұру арнасы салынуда. Маңызды нысан Заречный кентінде орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Құрылыс жұмыстары жылдың басында басталған болатын. Нысанның ұзындығы 4,8 шақырымды құрайды. Биылғы тасқын уақытында су арнасының тиімділігі көрінді деп айта аламыз.
Бүгінгі таңда үш су өткізу нысанының құрылысы толық аяқталуға жақын. Олардың екеуі бау-бақша аумақтарына кедергісіз қатынауды қамтамасыз етсе, үшіншісі электр жеткізу желісін қызмет көрсетуге арналған.
Одан бөлек, қыркүйек айында «Жемчужная весна» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары өңір басшысының жеке қабылдауы барысында жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде өтініш білдірген болатын. Қазіргі уақытта аумақты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Маңызды іс қарашаның 10-на дейін аяқталады.
Тағы оқыңыз: СҚО шаруалары мал азығын дайындау жоспарын орындады

