«Сенімен Болашақ» ұйымы мен білім басқармасының «Әдістемілік орталығы» арасында меморандумға қол қойылды
СҚО-да «Сенімен Болашақ» ұйымы мен білім басқармасы әдістемелік орталығының өкілдері меморандумға қол қойды. Қос тарап алдағы оқу жылында қала және аудан мектептеріндегі ұл-қыздарға кәсіптік бағдар береді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының көбі өз қалауын, қандай бағытты таңдарын білмей жатады. Соның салдарынан мамандық таңдаудан қателеседі. Жоғары оқу орнын аяқтағанымен жаны қалайтын жұмыс таба алмайды.
Бұл — қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Меморандум аталған олқылықтардың орнын толтыруға септесері сөзсіз.
«Сенімен Болашақ» ұйымы мен білім басқармасының «Әдістемілік орталығы» арасында меморандумға қол қойылды
«Биыл үш мектепті қамтуды жоспарлап отырмыз. Жобаны бастардың алдында облыстағы ахуалды зерттедік. Өңірде жұмысшы мамандар аз. Бастаманың арқасында бұл статистика әжептәуір төмендейді деп ойлаймын. Түсіндірме жұмыстары аясында түрлі мекемелер мен серіктестіктерге апарамыз», — деді «Сенімен Болашақ» РҚБ СҚОФ жетекшісі Жанат Мұхамеджанов.
Осы ретте тағы бір мәселенің бетін ашсақ. Кейбір ұл-қыздар ҰБТ-дан 100 балл жинаса да жоғары оқу орнына грантқа түсе алмай жатады. Себебі, олар құжаттарын сұраныс көп білім ордаларына тапсырады. Ұйым өкілдері жастарға осы тұрғыда да жан-жақты көмек береді.