18-19 қазан күндері елордада СҚО-ның қатысуымен ауыл шаруашылығы өтеді. Шараға өңірдің үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жәрмеңкеде 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Шарада сапалы және экологиялық таза тауарлар сөрелерге қойылады. Оның ішінде барлық түрдегі ет, консервілер, кондитерлік өнімдер, жұмыртқа, сүт өнімдері саудаланады.

Сонымен қатар, түрлі балықтар мен балдар, көкеністер және ұндар да саудаланады. Жәрмеңкеге сатушылар жалпы көлемі 800 тоннадан астам тауар әкеледі. Барлық өнімдердің бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.

Айта кету керек, шара «Қазанат» ипподромында, Қарқаралы тас жолы 1 мекенжайы бойынша өтеді. Жәрмеңке сағат таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әйел өзін қызғанған еркекті екінші рет пышақтап, сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *