Петропавл 2-ЖЭО-ның техникалық жағдайын жақсартуға 26,8 млрд теңге жұмсалған. Қомақты қаражатқа қазандықтар мен турбиналар күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мұржа тұрғызылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавл 2-ЖЭО жылыту маусымына толықтай дайын. Ресми түрде дайындық актісін алған. Бұл туралы «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму, экология және аграрлық сектор жөніндегі кеңестің бірлескен отырысында айтылды.

Бұған дейін тұрғындар үшін аса маңызды нысанның жағдайы талай мәрте қызу талқыға түскен. Станциядағы жабдықтар ондаған жыл бойы тозған күйде жұмыс істеген. Дәлірек айтсақ, қазандықтар мен турбоагрегаттардың қызмет ету мерзімі 50 жылға жуықтаған.

Петропавл ЖЭО-да қоймасында 169 мың тонна көмір бар
Петропавл ЖЭО-да қоймасында 169 мың тонна көмір бар

«Мұржаның құлауы станция нысандарының тозғанын және қаржыландырудың аздығын көрсетті. Жөндеу жұмысына 26,8 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Үш жылдың ішінде қазандықтар мен турбиналар күрделі көрді, 180 меирлік мұржа бой көтерді. Қазіргі таңда нысанның қоймасында 169 мың тонна көмір бар. Бұл алдағы жылыту маусымын қиындықсыз өткізуге жеткілікті», — «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас инженері Петр Богданов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көрнекі сот отырысында әйелге қол көтерген азаматқа үкім шығарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *