Петропавлда әйелге қол жұмсаған ер адамды сот 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Сот отырысы ішімдікке жақын, отбасының шырқын бұзып жүрген азаматтарға сабақ ретінде көрнекі болды. Ал, сотталушы бірден сот залында қамауға алынды, деп жазады Qazaqstan Media.

Сот залына тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жақын, ішімдікке әуес жандар жиналды. Оларға бұл сот сабақ болуы тиіс. Себебі сотталушы Азамат Әбілдин әйелге қасақана қол көтерген. Денесіне жеңіл болса да зиян келтірген. Ол Қылмыстық кодекстің 108-ші бабы бірінші тармағы бойынша жауапқа тартылып отыр. Істі зерделей судья Азамат Әбілдинді кінәлі деп тапты. Оған қоса, Әбілдиннің өзі де істеген әрекеттерін мойындаған.

Петропавлда көрнекі сот отырысында әйелге қол көтерген азаматқа үкім шығарылды
Петропавлда көрнекі сот отырысында әйелге қол көтерген азаматқа үкім шығарылды

«Сот Азамат Әбілдинді ҚР Қылмыстық Кодексінің 108-ші бабы бірінші тармағы, бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Сотталушы сот залында қамауға алынсын»,- деп оқыды үкімді судья Әсем Жаналина.

Петропавлда көрнекі сот отырысында әйелге қол көтерген азаматқа үкім шығарылды
Петропавлда көрнекі сот отырысында әйелге қол көтерген азаматқа үкім шығарылды

Сонымен қатар, сот Азамат Әбілдинге бір жыл бойына бірқатар шектеулер қойды. Ол арақ ішіпеу, есірткі қолданбау. Суық қару сақтамау және жәбірленушінің мазасын алмау. Бұл дегеніміз соңына түсу, телефон арқылы хабарласу, араға адам салып мазалауы керек.
Судья шешімді шығарған кезде сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуын, жұмысы бар екенін ескерген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 5 мыңға жуық фактісі тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *