СҚО-да полицейлер есірткі сатуға келген 22 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Тергеу жұмыстары барысында күдіктіден 104 грамм зиянды зат тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жас жігіт Петропавлда қыркүйектің 20-сы күні келген. Дәл сол күні ірі көлемдегі психотроптық заттармен ұсталды. Ол осыған дейін есірткіні интернет арқылы таратып жүрген.
Тергеу барысында полицейлер айыпталуышыдан мефедронның аналогы бар 34 түйіншек тәркіледі. Сонымен қатар, жалдамалы пәтерінен зиянды заттың тағы 60 данасы табылды. Елордалықтан барлығы 104 грамм есірткі табылды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп қысқа қайырды СҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, СҚО-да жыл басынан есірткі сатумен айналысқан 40-тан астам адам ұсталды. Оның 36-сы — 25 жасқа дейінгі жастар.
Тағы оқыңыз: Петропавлда белсенді жастар 90-ға таяған кейуанаға көмектесті