Солтүстікқазақстандық дәрігерлер іш қуысы кесіліп, көп қан жоғалтқан ер адамды аман алып қалды. Білікті мамандар ер адамның өмірі үшін алты күн бойы күресті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Науқас шаңғы теуіп жүріп құлаған кезде таяғы ішіне кіріп кеткен. Қарнынан кірген таяқ,жамбас тұсынан шыққан. Ер адам бірден қалалық жедел-медициналық-жәрдем ауруханасына ауыр халде жеткізілді. Оған хирургтан Виталий Шишкин мен Жәмшид Өмірзақов пен анестезиолог-реанимотолог дәрігер Тимур Әсет шұғыл ота жасады.
Білікті мамандар науқастың іш қуысын тазартты, жараларды тікті. Пациент алты күн бойы жансақтау бөлімінде бақылауда болды. Содан кейін хирургиялық бөлімде ем алды.
21 жастағы ер адам ауруханада 13 күн бойы ем қабылдады. 14-ші күні жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған науқас үйіне шығарылды.
Тағы оқыңыз: Қазан айы – кәсіби мерекелерге толы ай