Өндірістегі келеңсіз оқиға. Тайынша ауданындағы кәсіпорындардың бірінде ауыл тұрғыны ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға 21-ші қыркүйек күні орын алған. Тайынша ауданындағы кәсіпорындардың бірінде 34 жастағы жұмысшы жарақат алды. Многоцветное ауылының тұрғыны бірден Тайынша қаласындағы ауданаралық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Зардап шеккен азамат ауыр жарақат алған. Оның ашық бас ми сүйегіне зақым келген.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 720 шетелдік азаматқа заңсыз жеке сәйкестендіру нөмірлері (ИИН) берілген