Солтүстік Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 720 шетел азаматына жеке сәйкестендіру нөмірлерін заңсыз рәсімдеген. Бұл азаматтар сыртта жүріп-ақ ЖСН алыпты, деп жазады Qazaqstan Media.
Заң бұзушылықты прокурорлар анықтаған. Шетелдіктер Қазақстаға келмей-ақ жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу туралы өтініштерін рәсімдепті. Осылайша облыс бойынша 720 шетелдікке заңсыз ЖСН берілген.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Ал, өзге ел азаматтарына берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күші жойылатын болады.
«Сонымен қатар, быил 3-ші шілдеде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында»,- деп хабарлады құзырлы орган.
Тағы оқыңыз: СҚО-да этносаралық шиеленістердің алдын алуға арналған семинар өтті