СҚО-да күзгі жиым-терім жұмыстары жалғасуда. Жауапты басқарма берген деректерге сүйенсек, өңірде 2 млн 178 мың гектар аумақтағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл аталған өнімдерге бөлінген жалпы жердің 72 пайызы болып саналады. Шығымдылық көрсеткіші 17,6 центнерді құрайды. Ал бастырылған астық көлемі үш млн 800 мың тоннадан асып жығылады.
Астық қабылдау орындары кәсіпорындары да күн-түн демей жұмыс істеуде. Оларға бүгінгі күнге бір млн тоннаға жуық алтын дән жеткізілген. Оның 60 пайызы — бидай.
Күзгі дала жұмыстарына 7 мың комбайн, 12 мыңнан астам трактор және 5 мыңнан астам жүк көлігі тартылған. Мемлекет тарапынан орақ науқанына 68,6 мың тонна дизель отыны бөлінген.
Тағы оқыңыз: 61-ші концерттік маусым: Ақан сері атындағы СҚО филармониясы өнер көкжиегін кеңейтті