Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік сатып алудағы былық тағы да әшкереленді. Сот шешімі бар болса да, Шал ақын ауданы әкімінің аппараты жеткізушіні «қара тізімге» енгізуге міндетті шараны орындамаған. Нәтижесінде заң бұзған кәсіпкер мемлекеттік сатып алуға қатысуын жалғастыра берген, деп жазады Qazaqstan Media.
Мемлкеттік сатып алауға жауапсыз кәсіпкердерді қатыстыру өзге аудандарда да бар. Мұнда фактілер Аққайың, Ақжар, Қызылжар, Магжан Жұмабаев, Уәлиханов аудандары әкімдіктері мен білім, медицина мекемелерінде де тіркелді. Тіпті Психикалық денсаулық орталығы сияқты әлеуметтік маңызы зор ұйымдардың өзі адалдықты сақтамаған. Ал Тимирязев ауданында білім бөлімі бір жылдан аса уақыт бойы көз жұма қарап келген.
Прокуратура бұл жағдайды назардан тыс қалдырмады.
«Тексеріс нәтижесінде 15 шенеунік жауапкершілікке тартылып, 26 адал емес жеткізуші ресми түрде қара тізімге енгізілді. Бұл – олардың алдағы уақытта мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайтынын білдіреді»,- деп хабарлайды құзырлы орган.
Тағы оқыңыз: СҚО-да үш жыл ішінде 700 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды