Петропавл қаласы әкімдігі 1-ші қазан- халықаралық қарттар күніне орай айлық жариялап отыр. Оның аясында әкімдік қарт және мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсетуге шақырады, деп жазады Qazaqstan Media.

1-ші қазан- халықаралық қарттар күні. Осыған орай ел көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде жалғызбасты қарияларға көмектесі, қайырымдылық сенбіліктері, бір реттік жәрдемақы төлеу сынды игі шаралар бар. Бұл күні тек зейнет жасындағы азаматтарға ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға да ерекше назар бөлінеді.

Мерекеге орай, бірінші қазан мен қараша аралығында қарттар мен мүгедегі бар жандарды қолдау айлығы өтеді.

«Сіздерден облыс тұрғындарының аға буын өкілдері мен мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету жөніндегі қайырымдылық науқандарына қатысу сияқты қалыптасқан игі дәстүрді қолдауды, бүкіл өмірін еліміздің болашағына арнаған адамдарға құрмет көрсетуді сұраймыз. Қарттарға, егде адамдарға қамқорлық жасау туралы еш уақытта ойымыздан шығармау керек»,- деп жазылған шаһар әкімдігінің әлеуметтік желідег парақшасында.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Қорғаныс министрлігі жаңа MyArmy.kz порталын іске қосты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *