Петропавлда «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында квест ойыны өтті. Бұл жолы аға буын өкілдері емес, білімді жастар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сайыста жолдағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше мән берілді. Себебі, биыл автожолдарда 30-ға жуық жерлесіміз қаза тапқан.
«Қазіргі таңда жастарға дәріс оқып ештеңе түсіндіре алмайсың. Шараларды сайыс түрінде өткізген дұрыс. Өскелең ұрпақ заңды білсе елімізде құқықбұзушылықтардың саны азаяр еді», — СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Гүлбақыт Байбусинова.
Квест ойынында Президент Жолдауына қатысты сұрақтар да болды. Сайысқа 50-ге жуық жастан құралған бес команда қатысты.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бокстан жасөспірімдер арасында чемпионат басталды