Қазақстанда сиыр етінің қымбаттауына байланысты жедел желі іске қосылды. Желі республика бойынша жұмыс істейді және азаматтар үшін де, кәсіпкерлер үшін де ашық болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Сауда және интеграция министрлігі ел бойынша сиыр еті нарығындағы мәселелерге байланысты жедел желі іске қосылғанын хабарлады. Тұтынушылар ет бағасына, сауда үстемесіне, жеткізуге қатысты сұрақтар бойынша хабарласа алады

«Жедел желіге сиыр еті бағасының деңгейіне, сауда нүктелеріндегі сауда үстемелеріне, сондай-ақ өнімді жеткізуде проблемалар туындаған жағдайда байланысты мәселелер бойынша хабарласуға болады», — деп хабарлады Сауда министрлігі.

Бұған дейін ведомство бағаны тұрақтандыру үшін тірі малды елден әкетуге тыйым салғанын жариялады. Сонымен қатар,  ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастырып,  ірі сауда желілерінде сиыр етін белгіленген бағамен сатуды бастағанын хабарлаған болатын.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жедел желі нөмірі -8 (7152) 46-81-33.

Ал,  ауыл шаруашылық министрлігі ет нарығындағы делдалдарға бақылауды күшейтті. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ведомство басшысы Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елде өндірілетін еттің көлемі жеткілікті. Үш күндік бірлескен рейд барысында фермерлер көтерме саудада өнімін 3 000–3 500 теңгеден өткізетіні анықталған. Алайда делдалдар қысқа уақыт ішінде бағаны едәуір қымбаттатып отырған.

«Бір жерден 3 200 теңгеден сатып алып, сауда желілеріне 3 800 теңгеден өткізген фактілер тіркелді. Бір сағат ішінде әр килограмнан 600 теңге пайда табады. Делдалдармен жұмыс жүргізу керек. Біз Сауда министрлігімен бірлесіп бұл жұмысты жалғастырамыз», – деді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлері таяқ тартып, бақ сынасты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *