Солтүстікқазақстандық полицейлер ұлттық ойын таяқ тартудан мықтыларды анықтады. Жарыста 70-тен астам қызметкер бақ сынады, деп жазады Qazaqstan Media.

Ұлттық таяқ тарту ойыны көпшілікке мас-реслинг деген атпен белгілі. Бұл республикалық сайыстың іріктеу кезеңі.  Жарысты  облыстық полиция департаменті арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған.

Күш пен ептілікті қажет ет етін жарыс бес салмақ дәрежесінде өтті. Бірінші жалпы командалық орынды ПД аппаратының қызметкерлері алды. Ал, екінші және үшінші орынды Тимирязев ауданы мен Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімдерінің командалары бөлісті.  Бес жеңімпаз республикалық жарыста облыс атынан өнер көрсететін болады. Оған  ҚР құқық қорғау органдарының, күштік және арнаулы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатысатын болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға жылу толығымен 30 қыркүйек беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *