Солтүстікқазақстандық палуан Торғайда атой салды. Дмитрий Динер Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арнайы өткізілген турнирде топ жарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстікқазақстандық палуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Ол жеңіс жолында бес белдесу өткізді. Әр кездесу өзіндік қиындықтарға толы болды.

Дмитрий Динер іріктеу белдесулерінде Қостанай, Алматы, Жамбыл облысының палуандарынан басым түсті. Жартылай финалда астаналық жігіттен айласын асырды. Ақтық бәсекеде боз кілем қожайынын жеңді.

Додада атой салған теріскейлік палуан бір жарым миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *