Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа сервис қосты. Енді қазақстандықтар қосымша арқылы көлік тарихын тексере алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа қызмет Қазақстанда тіркелген автокөліктер туралы толық мәлімет ұсынады. Олардың қатарында:
• көліктің тіркелу деректері,
• тыйым салулар мен кепілдіктер,
• әкімшілік айыппұлдар,
• кедендік рәсімдер,
• утилизациялық алым төлемі,
• ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар туралы ақпарат бар.

Сервис көлік сатып алу кезінде жасырын тәуекелдерді анықтауға, мәмілелердің ашықтығын арттыруға және автонарықтағы алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қызметті пайдалану үшін көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Жүйе мемлекеттік деректер қорынан ақпаратты нақты уақыт режимінде шығарады.

Сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелгеннен кейін қолжетімді. Бағасы – бір тексеріс үшін 500 теңге. Сонымен қатар, жеңілдетілген пакеттер бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтардың аспаздарға сиыр мен шошқа етінен тағам дайындаудың қыр-сыры үйретілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *