Петропавлға Ресейден америкалық мәрмәрлі сиыр мен шошқа етінен тағам дайындаудың хас шебері Павел Галковский келді. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінде солтүстікқазақстандық аспаздармен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ас пісірудің шебері әріптестеріне дәмі тіл үйіретін тағам әзірлеуді үйретіп жатыр. Маман америкалық мәрмәрлі сиыр мен шошқа етінен тағам дайындауды бес саусағындай біледі. Бұл істі өнер десе де болады. Өйткені, қалыптасқан рецепттен басқа, шабыт келгенде мәзірді де өзі ойластырады екен.

Солтүстікқазақстандықтардың аспаздарға сиыр мен шошқа етінен тағам дайындаудың қыр-сыры үйретілді
Солтүстікқазақстандықтардың аспаздарға сиыр мен шошқа етінен тағам дайындаудың қыр-сыры үйретілді

«Америкада, Еуропа елдерінде америкалық мәрмәрлі сиыр мен шошқа етін сүйіп жейді. Себебі, еттің бұл түрі ағзаға өте пайдалы. Тіске өте жұмсақ, шырынды, ақуызға толы. Тек күніне 70 граммға дейін тұтыну қажет. Мәрмәрлі сиыр еті тек Жапония, АҚШ және Францияда ғана бар. Солтүстікқазақстандық аспаздарға бар білгенімді үйретіп, ешкім білмейтін рецепттерімді көрсеткім келеді», — деді Павел Голковский.

Тағам әзірлеуде оның дәміне ғана емес,безендірілуіне де баса мән берген жөн, дейді бас аспаз.

Шеберлік сағаты теріскейлік аспаздардың көңілінен шықты. Бүгінгі басқосудан кейін қала мен аудандардағы мейрамханалардың мәзірлерінде жаңа тағамдар пайда болуы мүмкін.

Шараға 40-қа жуық аспаз қатысты. Олардың арасынан колледж студенттері де бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 19 мемлекеттік орган тұрғындардарға талапқа сәйкес көмек көрсетпеген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *