Халықаралық өткізу пункттерін жаңғырту- Мемлекет басшысы Жолдауында айтқан басым бағыттардың бірі. Президенттің тапсырмасы аясында 2030 жылға дейін облыста төрт нысан жаңғыртылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев келді. Сапар барысында министр облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Мамлют ауданы аумағында орналасқан «Жаңа жол» автомобиль өткізу пунктінің жұмысымен танысты. Автомобиль өткізу пункттерін дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру аясында аталған нысанды қайта жаңарту жоспарланған.

Жоба аясында бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, кедендік және шекаралық органдардың ақпараттық платформаларын біріктіру, сондай-ақ жүк пен жолаушыларды жедел рәсімдеуге арналған «жасыл дәліздерді» ұйымдастыру көзделген.
Сонымен қатар, республикалық маңызға ие Мамлютка – «Жаңа жол» өткізу пункті бағытындағы автомобиль жолының 30 шақырымдық учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жол картасына сәйкес, 2030 жылға дейін өңір аумағындағы «Жаңа жол», «Қызылжар», «Қарақоға» және «Бидайық» халықаралық өткізу пункттері кезең-кезеңімен жаңғыртылады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталды