Петропавл қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде белсенділігінің арқасында сотта жауап берді. Ол бейәдеп сөздер айтлған бейнежазба үшін айыппұл арқалады, деп жазады Qazaqstan Media.
Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол TikTok әлеуметтік желісінің пайдаланушысы бола отырып, өзінің қатысуымен былапыт, бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны ашық жариялаған. Оған қоса ол бәріне қолжетімді болды. Сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Азаматқа 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Тағы оқыңыз: Петропавда жаңа заманауи қонақ үй ашылды