Бір кезде ұйымдасқан қылмыспен күресте алдыңғы шепте жүрген майор Ерболат Қаптаев бүгін сотталушы орындығында отыр. Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қамқорлық жасады және бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген еді. Бірнеше ай бойы ісі сотта қаралған майорға, сот сегіз жыл түрмеге қамау туралы үкім шығарды, деп жазады Qazaqstan Media.
«Досым» деп жүріп…
36 жастағы Қаптаев 12 жылдық қызметінде талай марапат алып, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Алайда 2022 жылдан ол Руслан Нағұманов есімді қылмыс әлемінің өкілімен араласа бастайды. Оның заңды-заңсыз істерін шешіп, жауаптан жалтаруға көмектеседі.
39 жастағы Нағұманов бұған дейін алаяқтық пен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағаны үшін сотталған. Соған қарамастан, ол Қаптаевпен жиі кездесіп, бірге дәмханаға барған, үйіне қонақ қылған. Кейде құқық қорғаушылардың отырысын Нағұманов өзі төлеп отырған.
Сотта Нағұманов: «Ол мен үшін ағайындай болды. Машина жағынан көмектесетін, жақсы адам», – деп түсінік берді.
Айыптаушылардың айтуынша, Қаптаев досына алдағы тінту жайлы ескертіп отырған. Сол үшін сегізінші наурыз қарсаңында жаңа iPhone 15 Pro да алған. Ал, Руслан Нағұмановтың үстіне қозғалған істің жабылғанын хабарлап, ол досына «Сүйінші!» деп хабарлама жіберген.

Қаптаев мұны жоққа шығарып, «телефонды Русланнан өз ақшама алдым», дейді.
Тағы бір даулы эпизод – 2024 жылдың тамызында Астанада Нағұманов майорға Haval көлігін «достықпен» бергені. Тергеу мұны сыйақы деп санаса, Қаптаев «оперативтік мүдде үшін қажет болды» дейді.
Адвокат Нұрым Ибраев та айыптау тарапының дәлелдерін «жалаң болжам» деп атап, қорғау құқығы толық сақталмағанын алға тартты.
Нағұманов 2024 жылдың қыркүйегінде қамауға алынған соң Қаптаевқа қарсы куәлік берген. Бірақ кейін ол қысыммен қол қойғанын, ал үйқамаққа шығу үшін тергеушілердің уәдесіне сенгенін мәлімдеді.
Жалпы бұл істе тек Қаптаевтың ғана емес, өзге де полиция қызметкерлерінің аты-жөні айтылды. Кәугер ретінде жауап алынған Руслан Нағұмановтың айтуынша, полицеймен оның достығы туралы өзгелері де білген. Кейбір кездесулерде әріптестері бірге болған.

Сот шешімі
Сот барысында Ерболат Қаптаев өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол әрекеттерін жұмыс бабымен керек болды, деп түсіндірді. Сонымен ұатар, сот отьырыстарының бірін жабық түрде өтуін, онда бар шындық ашық айтып беретінін айтып, өтініш жасаған болатын. Алайда, сот бұл өтінішін қанағаттандырмады. Оған қоса, полиция майорын «кінәлі» деген үкім шығарды.
«Ерболат Қаптаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінде 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған сегіз жыл түріндегі жаза тағайындалсын. Жазасын қауіпсіздігі орта қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтесін», — деді үкімді оқыған судья Елена Аушакимова оқыды.
Сонымен қатар, сот Ерболат Қаптаевты майор шенінен айырды.
«Үкім барлық дәлелдер мен айғақтарды саралай келе және куәгерлердің берген жауаптарына сүйене отырып шығарылды»,-деді судья.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқыңыз: СҚО-да егіннің 50 пайызға жуығы орылды