Қазақстанда дропперлерге қатысты заң күшейді. Алаяқтардың сыбайласы екені анықталса, банктік деректерін бөтенге бергендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қылмыстық кодекстегі тиісті өзгерістер 16-қыркүйек күні күшіне енді. Жастар қулардың құрбаны болмас үшін Жұмағали Тілеулин атындағы медициналық колледжде профилактикалық іс-шара өтті. Түсіндірме жұмыстарын облыстық полиция департаменті мен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Колледж студенттеріне жаңа заң түсіндірілді
Колледж студенттеріне жаңа заң түсіндірілді

«Соңғы уақытта интернет-алаяқтар ақшаны белгілі бір жерге жеткізу, аудару мақсатында дропперлерді жиі қолданады. Көбінесе қулардың айтқанын жастар істеп, заң бұзады. Бұған күнде куә болып жүрміз. Сондықтан, өскелең ұрпақпан жүздесу жұмысын қолға алдық. Алдағы уақытта басқа да оқу орындарын араламақпыз»,- деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Айсұлу Бекімова.

Дропперлер — бұл алаяқтар мен олардың құрбандары арасындағы делдалдар. Жәбірденушілердің ақшасы дәл осы жандардың банк карталарына түседі. Кейін бұл қаражатты дропперлер қуларға аударады. Полиция тексерген кезде алаяқтардың емес екі арада делдал болған азаматтың жеке дерегі шығады. Сөйтіп, олар бас бостандығынан айырылады. Сондықтан, біреуге көмектесем деп сотталып кетпес үшін сақ болған аса маңызды.

Колледж студенттеріне жаңа заң түсіндірілді
Колледж студенттеріне жаңа заң түсіндірілді

«Жақын адамдарым алаяқтардың құрбаны болды. Қулар маған да бірнеше рет хабарласты. Мен оларға алданбадым. Ешқашан жеке деректерді өзге адамдарға айтпау керек»,- деді медициналық колледждің студенті Әсел Баян.

СҚО-да жыл басынан 520 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Келтірілген шығын көлемі 1 млрд 50 млн теңгеден асып жығылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда өрт сөндіру-құтқару спортынан облыс чемпионаты басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *