Мағжан Жұмабаев ауданында ең ірі тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін жылына 39 мың тонна сүт өндірілетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жоба «Солтүстік» ӘКК-нің көмегімен жүзеге асуда. Құны — сегіз млрд теңге. Бастапқы кезеңде онда 3600 сиыр болса, уақыт өте келе көрсеткіш 12 мың басқа жетпек.
Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін жылына 39 мың тоннаға дейін сүт өндірілетін болады. Бұл аймақ экономикасының дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Айта кету керек, биыл нысанның бір бөлігі ғана қолданысқа беріледі.
Бүгінде нысан 90 пайызға дайын. Қазіргі таңда Германиядан әкелінген құрал-жабдықтар орнатылып, ішкі әрлеу жүргізілуде. Ферманың жалпы аумағы 62 гектарды құрайды. Жобаны іске қосу үшін Эстония мен Украинадан голштино-фриз тұқымды 390 бас сиыр сатып алынды.
Тағы оқыңыз: Экономика, медицина және ауыл шаруашылығы: Цифрландыруға бет алған — Жамбыл ауданы