Айыртау ауданында патрульдік машина аударылып, екі полиция қызметкері түрлі дене жарақатын алды. Бұл үш күн ішінде полицейлердің қатысуымен болған екінші жол апаты, деп жазады Qazaqstan Media.

Жол-көлік оқиғасы тоғызыншы қыркүйек күні, Айыртау ауданында тіркелді.  «Көкшетау-Рузаевка» бағытындағы республикалық тас жолда HYUDAI ELANTRA  қызметтік көлігі таңғы сағат алты шамасында  аударылған.  Көлік ішінде екі полиция капитаны болған.

СҚО-да тағы да полицейлер жол апатына түсті
СҚО-да тағы да полицейлер жол апатына түсті

1980 жылы туған инспектордың жағдай қанағаттанарлық болғас ын, дәрігерлер амбулаторлы түрде ем қабылдауға жіберді. Ал рөлде отырған полиция капитанының жарақаты ауыр.

«Науқасқа Бас ми жарақатығ бас ми шайқалуы, сол жақ қолы бірнеше жерден ашық сынуы диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр. Облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургипя бөліміне жеткізу жоспарлануда», -деп хабарлады обылстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Алдын-ала ақпарат бойынша жүргізуші бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған.

Естеріңізге сала кетейік, алтыншы қыркүйек күні Ғ.Мүсірепов ауданында полицейлердің екі қызметтік көлігі соқтығысып, екі қызметкер көз жұмған болатын. 

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Ислам мәдениеті музейінде Құрандар көрмесі ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *