Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтел ауруының тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайды. 2025 жылдың басынан бері өңірде көкжөтелдің 19 расталған жағдайы анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда үш есеге төмен. Былтыр  62 тұрғында көкжөтел анықталған еді, деп жазады Qazaqstan Media.

Барлық науқастар – 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 68,4% немесе 13 жағдай Петропавл қаласында тіркелсе, Қызылжар ауданында – 2,  ал Аққайың, Есіл, Жамбыл және М. Жұмабаев аудандарында бір-бір жағдайдан анықталған. Иммундық мәртебесі бойынша науқастардың 89 пайызы (17 бала) екпе алмаған.

Көкжөтел – тыныс алу жолдарының аса жұқпалы ауруы. Оны Bordetella pertussis бактериясы қоздырады. Ауру ауа арқылы – жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде жұғады. Көкжөтел өкпенің қабынуы мен мидың зақымдануы сияқты ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Бұл ауруды толық емдейтін арнайы дәрілік препарат жоқ.

«Балаларға көкжөтелге қарсы екпе 2, 3, 4 және 18 айында, сондай-ақ 6 жасында жүргізіледі. Екпені уақытылы алу ауруға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастырады. Сондықтан,  уақтылы вакцинация жасау маңызды», – деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Сайлаубайұлы Күшбасов.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *