Қыркүйектің 5-сі — Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Айтулы дата қарсаңында қаламыздағы «Sana»әдеби-музыкалық клубы ақпараттық-танымдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ахмет Байтұрсынұлының туған күні орай елімізде 2018 жылдан бері Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтіледі. Бүгінгі өнегеге толы шараға Мағжан сенген жастар қатысты.

«Іс-шараның мақсаты — қазақ тілінің қолданысын кеңейту, мәртебесін арттыру. Мұндай шаралап көптеп өткізілуі тиіс. Жастар мемлекеттік тілдің маңызын түсінсе еліміз де қарыштап дамиды»,- деді И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Алтынай Сыздықова.

Ахмет Байтұрсынұлын Алаш арысы, ұлт ұстазы ретінде бағалаймыз, құрмет тұтамыз. Оның тіл туралы айтқан толғамды ойлары әлі күнге дейін өзекті.

Кезінде кемеңгерлер тар жол, тайғақ кешіп тіл үшін күресті. Солар — бүгінгі қоғам өкілдеріне, қазақ жастарына қуат береді. Бұл мәселеге профессор Жанар Таласпаева арнайы тоқталып, баяндама әзірлепті

«Осыдан 120 жыл бұрын алаш арыстары қазақ тілі үшін күресті бастады. Олар тілді ресми еткісі, қолданыс аясын кеңейткісі келді. Бұл жұмысты әлі де жалғастыру қажет. Өзекті мәселелер бар. Бұны көріп жүрміз, естіп жүрміз. Оның ішінде Ахмет Байтұрсынылын ерекше атап өтуге болады»,- деді профессор Жанар Таласпаева.

«Тіл — халықтың жаны, рухани қазынасы» атты ақпараттық-танымдық кездесу барысында «Sana» әдеби-музыкалық клубының жұмысы қорытындыланды.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы 40 сотталған түрмедегі мектепке барды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *