Петропавлдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде сегіз жастағы бала эскалатордан құлап,түрлі дене жарақаттарын алды. Оқиға 27-ші тамыз күні болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде бала ата-анасының қарауынсыз болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтап, орталықтағы қауіпсіздік шараларын тексеруде. Тексеру нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданып, профилактикалық шаралар қолданылатын болады.

«Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етпегені үшін, ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр»,- деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ойын баласының құлаған сәті камераға түсіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті.

Тағы оқыңыз: Орақ 2025: СҚО- да егіс алқаптарында жеті мың комбайн жүр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *