«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған. Қайырымдылық ұйымы үш жылдың ішінде СҚО-ға 17,8 млрд теңге бөлген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қор өмір мен өлім арасында жүрген 26 солтүстікқазақстандыққа 3,2 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып әперген. Онкологиялық ауруларға шалдыққан 84 науқастың еміне 1,5 млрд бөлген. Облыстағы медициналық мекемелерге жалпы құны 2,7 млрд теңге болатын заманауи құрылғылар сыйлады.

Қордың арқасында СҚО-дағы он мектеп күрделі жөндеу көріп, заманауи жабдықтар алынды. Іске 2,5 млрд теңге жұмсалды. Алдағы уақытта өңірдегі 40-қа жуық шағын жинақты мектепке көмек көрсетпек.

Өңірде болған су тасқыны кезінде де қоғамдық қор қол қусырып отырмады. 5 млрд теңгеге 200 баспана салып берді. Ұйымның арқасында Есіл ауданында су жаңа спорт кешені ашылды.

Қазіргі таңда мұндай нысандар Петропавл қаласы мен Уәлиханов ауданында тұрғызылуда. Жобалардың жалпы құны 606 млн теңгені құрайды. Спорт кешендері жыл соңында қолданысқа беріледі.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған. Қайырдылық ұйымы үш жылдың ішінде СҚО-ға 17,8 млрд теңге бөлген. Бұл республика бойынша үшінші көрсеткіш»,- деді Қазақстан халқына” қоры бағдарламалар мен жобаларды басқару жөніндегі орталықтың басшысы Бауыржан Оразғалиев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *