Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламасына жол қозғалысы ережелерін жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Комитет төрағасының айтуынша, балаларға жол ережелерін жүйелі түрде үйрету олардың заңға бағыну мәдениетін қалыптастырып, болашақта көлік жүргізе бастағанда жол қауіпсіздігіне оң әсер етеді.

«Әлемнің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қозғалысы қауіпсіздігіне тарту идеясы білім беру мен қоғамдық мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Халықаралық тәжірибе мұндай бастамалардың жол-көлік жарақаттарын азайтып, өскелең ұрпақта азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыратынын көрсетеді», – деді Сұлтанбаев.

ІІМ сондай-ақ мектеп жасындағы жол инспекторларынан құралған жасақтардың жұмысын балалардың жарақат алуын алдын алуда тиімді құрал ретінде қарастырып отыр.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ІІМ 1 қыркүйек қарсаңында ата-аналар мен мұғалімдерді балалармен бірге мектепке апаратын және кері қайтатын ең қауіпсіз жолды белгілеуге шақырды.

«Бала мектепке және үйге әрдайым бір ғана ең қауіпсіз бағытпен қатынауы тиіс, оны жатқа білуі қажет», – деп атап өтті ведомство өкілі.

Тағы оқыңыз: Елімізде «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» коллекциялық монеталары айналымға шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *