Қазақстанда 30 бен 76 жас аралығындағы азаматтарға жылына бір рет үш күндік ақылы әлеуметтік демалыс беріледі. Бұл демалыс тегін профилактикалық медициналық тексерулерден (скринингтерден) өтуге арналған, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұл құқық ҚР Еңбек кодексінің 87-бабында бекітілген және оны беруден жұмыс берушінің бас тартуына жол берілмейді. Демалыс еңбек өтіліне қарамастан төленеді.

Скринингтер аясында келесі ауруларды анықтауға болады:

  • жүрек-қантамыр жүйесі аурулары;
  • қант диабеті;
  • глаукома;
  • қатерлі ісіктер (сүт безі, жатыр мойны, тоқ ішек);
  • вирустық гепатиттер B және C;
  • ми қан айналымы бұзылыстары.

2025 жылдан бастап онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) енгізілді. Яғни, барлық азаматтарға қолжетімді.

Дәрігерге қаралу үшін емханадағы учаскелік дәрігерге жолығу керек. Скринингке тіркеліп, жолдама алыңыз.Жұмыс берушіні алдын ала хабардар етіңіз.

Егер жұмыс беруші әлеуметтік демалыс бермесе, азаматтар еңбек инспекциясына шағымдана алады. Заң бойынша жұмыс берушіге 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (2025 жылы — 400 000 теңгеге дейін).

Медицина мамандары халықты скринингке белсенді қатысуға шақырады. Статистика бойынша, 1000 адамның 60-ында түрлі аурулар анықталады. Алайда, шақырылғандардың тек 30–50% ғана тексерілуге келеді.

Скрининг туралы хабарламалар SMS (1414) арқылы және мобильді қосымшалар — Damumed, Zhetysu 109 арқылы жіберіледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы ерте араласу орталығында бір жарым жылдың ішінде 400-ге жуық бала емделген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *