ҚР Туризм және спорт министрлігінде өңірлік салалық мемлекеттік органдар басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Алқалы жиында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына үміткер қаралып, келісім берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Комиссия мүшелері Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанованың кандидатурасын мақұлдады. Азаматша — СҚО тумасы. Соңғы жылдары елордада қызмет атқарған. Жасы — 42-де. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды бітірген.

«Кандидаттың спорттағы кәсіби тәжірибесі мол. Талай жыл салада еңбек етті. Басқарушылық қабілеттері мен өңірде спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды», — деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Бұл лауазымға кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады. Ал оларды тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін ғана жүзеге асады.

Еске сала кетейік, облыс бас спортшысынан тамыз айының басында айырылған болатын. Жарты жылға жетпей бұрынғы басшы Әділхан Сағындықов орнын басқан болатын. Оның бұл қызметтен не себепті кеткені жайлы әлі ресми түрде хабарланған жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да педагогтер алдағы оқу жылына жоспар құрды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *