СҚО бас құтқарушысы Ерік Сарыбаев жұмыстан кетті

СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев басқа қызметке ауысты. Енді ол ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқармақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы тағайындалды ТЖМ 2024 жылғы 2 қыркүйектегі 434 л/с бұйрығымен азаматтық қорғау полковнигі Серік Темірханұлы Сарыбаев төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ерік Сарыбаев Түркістан облысының тумасы. 1998 жылы М. Әуезов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 2013 жылы Ресей ТЖМ азаматтық қорғау Академиясын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Шымкент қаласы, «Мақсат» ЖШС құрылыс шебері қызметінен бастаған. Кейін Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Ал 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД авариялық-құтқару қызметі бөлімінің аға офицері лауазымына тағайындалды. Содан Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

СҚО бас құтқарушысы Ерік Сарыбаев жұмыстан кетті

48 жастағы Ерік Сарыбаев өңірдің бас құтқарушысы болып бір жыл бұрын ғана тағайындалған болатын

Тағы оқыңыз: Қазақстан жазғы және қысқы уақытқа үш жылдан соң өтуі мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x