Петропавлда жылу беру маусымы қашан басталатындығы белгілі болды. Ол туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бірнеше күн бойы термометр көрсеткіші он градустан төмен болса, мамандар үйлерге жылу беруді бастайды. Айталық, былтыр жылыту маусымы ресми түрде бірінші қазаннан басталды.
Ал әлеуметтік сала объектілеріне жылу ертерек беріледі. Мысалы, өткен жылы мектептер, ауруханалар және басқа мекемелер 22 қыркүйектен бастап жылытыла бастады.
«Егер әлеуметтік нысанның паспорты болса және барлық техникалық талаптар сақталса, онда олар жылу беру туралы компанияға өтінім береді. Кейін олар бізге бағытталады. Осыдан кейін біз кезең — кезеңмен қосуды бастаймыз», — деп түсіндірді «СЕВКАЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.
Петропавлдағы баспаналарға толық жылу жету үшін екі-үш апта қажет. Осыны ескеретін болсақ, облыс орталығы оныншы қазанға дейін толық жылумен қамтамасыз етіледі.
Тағы ескеретін жағдай, егер үй жылыту маусымына толық дайын болса, құбырлары шайылып, қысым тексеруінен ойдағыдай өтсе, онда ПИК немесе МИБ төрағалары өтініш беру арқылы жылуға қосыла алады.
«Егер төлқұжат дайын болып, есептегіштер талапқа сай болса, онда өтініш беруге болады. Алайда, бұл кезеңде кесте толық бекітілмегендіктен, аталмыш үйлердегі температура параметрлері жылыту маусымы ресми басталғанға дейін сақталмайды», — дейді Анатолий Казановский.
Тағы оқыңыз: Бір ай ішінде еліміздегі барлық мектеп асханалары тексеріледі