Бүгін жаңа наурызнамаға сай қайырымдылық күні. Осыған орай Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Помощь рядом” еріктілер клубы аналар үйіне барды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Талайға пана болған Аналар үйінде қазір бес нәзікжанды, алты бала мен бір жүкті әйел бар. Қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектерге «Помощь рядом» ұйымының белсенділері Наурыз мерекесіне орай түрлі сыйлықтарын табыстады. Жастар орталықты паналаған жандарға киім-кешек, ойыншықтар және жеке гигиеналық заттар алып келген.

Петропавлдық жастар Аналар үйіне барып, қыз-келіншектерге сый жасады

«Аналар үйіне жиі келіп тұрамыз. Біздің мақсатымыз қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмектесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау», – дейді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.

Былтыр Петропавлдағы Аналар үйіне 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында қоғамдық қор 250-ден астам келіншекке пана болған.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x