Петропавлда кәсіпкерден ақша бопсалаған блогерлерге қатысты сот отырысы басталды

Петропавлда Magnum Cash & Carry сауда желісінің басшылығынан ақша бопсалағандарға қатысты сот процессі басталды. Қос блогер кәсіпкерден 50 млн теңге беруін талап еткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сот процессі барысында белгілі болғандай, Роберт Подласов пен Сергей Сайко бірнеше жыл бұрын YouTube және Instagram әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, қаладағы супермаркеттерде рейдтер ұйымдастырған. Кейін сауда орындарындағы бүлінген тауарларды түсіріп, оны аталған парақшада жариялап отырған. Осылайша, тұтынушылардың құқығын қорғамақ болған-мыс.

«Сергей Сайко мен Роберт Подласов өздерін әділдік үшін күресушілер деп санаған. Ал олардың әр жариялаған жазбалары сауда желілеріне нұқсан келтіріп отырған. Мұнымен тоқтамаған олар кейде сауда орындарына барып сусындарды ашып,  тауарларды әдейі араластырып, бүлдіріп кетіп отырған. Содан соң мемлекеттік органдарға анықталған заң бұзушылықтар туралы шағымдарды жіберген», — деді мемлекеттік айыптаушы, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Юлия Сысоева.

Ал 2023 жылдың маусым айында блогерлер «Таткрафт-Инвест» ЖШС директоры Андрей Исаковпен кездесіп, осындай жазбаларды жарияламау үшін ақша талап еткен. Сөйтіп, олар кәсіпкерден ай сайын 200 мың теңге көлемінде қаржы алып отырған.

«Кәсіпкер Исаков оларға 2023 жылдың 27 шілдесінде, кейін 24 тамызда, 23 қыркүйекте және 22 қазанда 200 мың теңгеден аударып отырған. Қаржы Подласов пен Сайконың есепшоттарына түскен. Осылайша, олар кәсіпкерге 1 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Өз әрекеттерінің заңсыздығын сезіне отырып, Сайко мен Подласов кейін осындай жолмен Magnum Cash & Carry сауда желісінің өңірлік басшылығынан ақша бопсалаған. Олар өз әрекеттерін тоқтату үшін кәсіпкерден 50 млн теңге беруін талап еткен», — деп мәлімдеді сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы.

Сауда желісінің өңірлік директоры бұл туралы полицияға хабарлаған. Сөйтіп, қос тарап 2023 жылдың қараша айының 16-сы С. Мұқанов көшесі бойындағы «Семейный» сауда орталығында кездеседі. Сол кезде кәсіпкер Сергей Сайко мен Роберт Подласовқа 25 млн теңге ұстатқан.

«Қаржының 20 млн теңгесі полицейлер кәсіпкерге берген «жалған ақша» болатын. Қаржыны алған Сайко мен Подласов таксиге отырып кетіп қалған. Көп ұзамай оларды полиция қызметкерлері ұстады. Олардан бопсалаған қаржы тәркіленді», — деді Юлия Сысоева.

Сот процессі барысында Роберт Подласов пен Сергей Сайко және олардың қорғаушылары өздерін суретке түсіруге қарсы болды. Есесіне, істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұрады.

СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Сәуле Литфуллина олардың өтінішін қанағаттандырды.

Петропавлда кәсіпкерден ақша бопсалаған блогерлерге қатысты сот отырысы басталды
Петропавлда кәсіпкерден ақша бопсалаған блогерлерге қатысты сот отырысы басталды

Айта кетейік, блогерлер ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі, 2-тармағы және 194-баптың 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Қазгидромет: СҚО-да шағын өзен-көлдер арнасынан асуы мүмкін

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x