Петропавлда «Еңбек жолы-2023»өңірлік конкурсының жеңімпаздары бас қосты. Биыл байқауға үш номинация бойынша облыстың 39 кәсіпорны мен ұйымы қатысқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні – мерекесі аталып өтіледі. Атаулы датаға орай өңірде «Еңбек жолы-2023» байқауы ұйымдастырылған болатын. Сол сайысқа қатысқандардың бірі – Әлібек Уатаев. Ол «Өндірістің үздік жас қызметкері» аталымы бойынша қатысып, жеңімпаз атанды. Әлібек өмірін өндіріспен байланыстырамын деп ойламаған.  Бірақ жоғары оқу орнын тәмамдап қолына дипломын алған соң, бірден зауытқа жұмысқа орналасты. Учаске шебері мұнда мұнайға қажетті құрылғылардың сапасын қадағалайды.

«Техникаға жақын болғандықтан ба, бұл мамандық өзіме ұнайды. Бұл зауытта біз металл өңдеу, оларды жинау жұмыстарымен айналысамыз. Мұнай скважинасын жөндеуге арналған агригаттар жасаймыз. Әріптестерімнің  бәрі жақсы. Білмегенімізді үйретеді. Әрқашан қолдау көрсетеді. Бұл кәсіпорында мен 2019 жылдан бері жұмыс істеймін»,-дейді учаске шебері Әлібек Уатаев.

Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері номинациасын Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталықтандырылған кітапханасының қызметкері-Елена Тимощук иеленді. Ол мәдениет саласына өзінің 36 жылын арнаған.

Петропавлда «Еңбек жолы-2023»өңірлік конкурсының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

«2023 жыл мен үшін өте табысты әрі керемет жыл болды. Себебі, биыл мамыр айында мен Қазақстанның көрнекті кітапханашыларының тізіміне ендім. Сонымен қатар, Қазақстанның 100 табысты ауыл әйелдерінің кітабында да мен туралы мақала жазылды. Және  «Еңбек жолы» конкурсының да жүлдегері атандым. Өте қуаныштымын»,-Ғ.Мүсірепов ауданының орталықтандырылған  кітапхана жүйесінің қызметкері Елена Тимощук.

Айта кетейік,«Еңбек жолы» конкурсының облыстық кезеңннің жеңімпаздары қыркүйек айының 22-сі Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x