[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-23-at-16.36.13-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Биыл сөз зергері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай ақынның туған жері Сарытомар ауылының 7-ші сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек «Мен жастарға сенемін!» челленджін бастады. Оны облыс әкімі Айдарбек Сапаров та қолдады, деп хабаралайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мектеп оқушысы бастаған челленджді елімізге белгілі тұлғалар да қолдап, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа айтуда. Бұл көштен Айдарбек Сапаров та қалмай, Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім» деген өлеңін оқып берді. Облыс әкімі эстафетаны Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Жарасбай Сүлейменовтен қабылдап алған.
«Бұл жақсы бастаманы еліміздің белгілі азаматтары қолдап, Мағжанның өлеңдерін оқуда. Бұл челленджді мен ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаға және СҚО аудандарының әкімдеріне жолдаймын», — делінген СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың телеграм каналында.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-23-at-16.36.12.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]