5 млрд

Петропавл әкімдігі соңғы үш жылда қала көшелеріне қиыршық тас төсеуге бөлінген 5 млрд теңге бюджеттік қаражатты тиімсіз жұмсаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұндай факті Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізу барысында анықталған. Оларды арнайы брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов жайып салды.

«Қала көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар жасалмаған. Ал сметалық есептеулерде көтеріңкі баға қолданылған. Талдау қорытындысы бойынша, облыс басшылығымен бірлесіп Петропавлдағы барлық грейдерлік көшелерді асфальттау туралы ұсынымдар әзірленді. Бұл сыбайлас жемқорлық факілерін толығымен жояды. Осылайша, қаражаттың жұмсалуын сапалы бақылауға және қаланың барлық жолдарының техникалық жай-күйін арттыруға болады», — дейді Сергей Перов.

Бүгінде осы ұсынымды іске асыру мақсатында облыс орталығының 17 көшесін асфальттау үшін бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x