СҚО дәрігерлері бас миының аневризмасына ота жасады

Солтүстікқазақстандық дәрігерлер нейрохирургияның жаңа мүмкіндіктерін меңгерді. Енді олар бас миының аневризмасын емдеуге арналған оталарды өзімізде жасайтын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бас ауруының аневризмасы  көбіне  инсульттің  дамуына әкеледі. Статистика бойынша бұл ауру әлемде адамдарың шамамен 5%-ында кездеседі. Бірақ бұл патологияда өлім деңгейі жоғары. 2024 жылдың 3 айында осы ауруға шалдыққан 7 науқас өңірден тыс жерде ем алған. Енді мұндай дертке шалдыққандар өзімізде ем қабылдай алады. Өйткені, солтүстікқазақстандық дәрігерлер Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында оқудан өтіп, бүгіндері екі науқасқа сәтті ота жасаған.

« Біз мидың күрделі аневризмасына ота жасауды меңгердік. Енді науқастарды өзімізде емдейтін боламыз. Бұған дейін тұрғындар Астана қаласында ем алатын еді. Енді өз бөлімшемізде операция жасай береміз», – деді  облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Руслан Кремнев.

Тағы оқыңыз:Айыртау ауданында иіс тиіп уланған балалар жансақтау бөлімінен шығарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x