СҚО-да аудандық аурухана мерзімі өтіп кеткен дәрілерді сақтап келген

Солтүстік Қазақстан облысының тексеру комиссиясы Шал ақын аудандық ауруханасында мемлекеттік аудит жүргізді. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тексеру комиссиясы биыл 26 ақпан мен 20 наурыз аралығында Шал ақын аудандық ауруханасында аудит жүргізген. Оған медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сарапшылары тартылды. Тексеріс барысында емдеу мекемесінен мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер табылды. Тағы кей препараттардың дұрыс сақталмағандығы анықталды.

«Дәрігерлердің кабинеттерінде (хирургиялық, гинекологиялық) жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар анықталды. Олар пациенттерді қабылдау кезінде қолданылуы мүмкін. Ал бұл көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолда бар қорын сақтауға арналған материалдық шкафтардың саны жеткіліксіз болып шықты», – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Тұрсынов.

Бұдан бөлек, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көліктік қаптамаларда төбеге дейін үйіліп жатқан. Кейбірі шкафтардың үстінде сақталған.

«Сонымен қатар, дәрілерді сақтайтын бөлмеге жөндеу жүргізу қажет. Өйткені, қабырға мен төбесі жарылып, қирап жатыр. Бұл дәріхананы сапалы тазалауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, жоғарыда сумен жабдықтау және кәріз жүйелері орналасқан. Бұл дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сақталатын бөлмені су басу қаупін тудырады», – деп толықтырды Тимур Тұрсынов.

Айта кетейік, осыған дейін аудиторлар Аққайың ауданында тексеріс жүргізіп, біраз былықтың бетін ашқан болатын. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Таза бейсенбілік» акциясы басталды

 

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x