Желге ұшқан қайран ақша! Петропавлда биыл жазда жөнделген 47 көшенің жетеуін қайтадан қалыпқа келтіру қажет

Петропавлда биыл жөндеу көрген көшелердің кейбірі қайтадан жарамыз болып қалған. Сапасыз төселген асфальт жарылып, тұрғындар шұрық-тесік жолмен жүруге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл Петропавл көшелерін жөндеуге рекордтық қаржы – 6,8 млрд теңге бөлінді. 47 көшеге асфальт төселді. Алайда жауапты мекемелер мен мердігер компаниялардың салғырттығынан кей көшелерде жөндеу аяқталмай жатып ойықтар пайда бола бастаған.

Желге ұшқан қайран ақша! Петропавлда биыл жазда жөнделген 47 көшенің жетеуін қайтадан қалыпқа келтіру қажет

«Батыр баян, Байболов, Малая, Ухабова және Кошукова көшелерін «Грандо» ЖШС жөндеген болатын. Алайда олардың жұмысы талаптарға сай болмай шықты. Енді олар олқылықтарды келер жылы түзететін болады. Ал Потанин көшесінде жөндеу жүргізген «Арнай Құрылыс» компаниясымен мүлдем келісімшартты бұздық. Оларды енді қара тізімге енгіземіз. Сәтпаев көшесін де қайтадан қалыпқа келтіру керек. Онда мердігерлер асфальтты дұрыс төсемеген», – деді Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркін Елеусізов.

Былықтың бәрі бақылаудың жоқтығынан. Осылай деп қоластындағыларға шүйліккен қала әкімі жағдайды тездетіп реттеуді тапсырды.

«47 көшені жөндеуге қыруар қаржы жұмсалды. Жауапты мекемелер іске салғырт қарағандықтан еңбек еш кеткен. Мердігер компания сертификатын көрсетпей қалай жұмысқа кірісті? Олқылық анықталғалы біраз уақыт өтті. Енді неге жолды қалыпқа келтірмей жатыр? Жауын-шашын жоқта дұрыстау керек қой. Әйтпесе ертең қыс пен көктемде тұрғындарға қатынау қиын болады. Барлық кемшіліктерді өз қаржыларына түзетсін», – деді қала әкімі.

Тағы оқыңыз: Петропавл жастары ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x