Жарылыстан зардап шеккен жігіт Петропавлға жеткізілді

Смирново ауылында болған жарылыстан зардап шеккен жігіт Петропавлдағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 60 %-ын күйік шалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2001 жылы туған ер адам алдымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалады.

«Науқастың арқасы, басы, беті, екі жамбасы мен аяғын 2-3 дәрежелі термиялық күйік шалған. Бұл 60 пайызды құрайды. Бірден оқиға туралы орталыққа хабар берілді. Және санавиация арқылы Аққайың ауданына дереу травматолог-комбустиолог және анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер жіберілді», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жарылыстан зардап шеккен жігіттің жағдайы тұрақталған соң, ол реаниматолог дәрігердің бақылауымен қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Смирново ауылында төтенше жағдай: 12 жастағы қыз қайтыс болып, 22 жастағы ер адам ауруханада жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x