жаңа кәсіп

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыссыз жүрген азаматтар жаңа кәсіп меңгере алады. Мәселен, өткен жылы Петропавл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 86 солтүстікқазақстандық жұмыс орнында оқытудан өтті. Соның 20-сы «Прогресс» тігін фабрикасында тігінші мамандығының қыр-сырын меңгерген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Любовь Власова-Касимова мамандығы бойынша сатушы. Алайда немерелерін тәрбиелегендіктен жарты жылдай жұмыссыз отырған. Кейін жолдасымен ақылдасып жаңа кәсіп меңгермек болады. Осылайша, халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, осы жерден «Прогрес» тігін фабрикасына оқуға жолдама алады. 4 ай ішінде Любовь тігінші кәсібінің қыр-сырын үйреніп, осы жерде еңбек ететін мамандардан тәлім алды. Курс аяқталған соң осы серіктестікке тұрақты жұмысқа орналасты.

«Алғашында әрине қиын болды. Тігін ісі мен ойлағандай оңай емес екен. Дегенмен, осы жерде жұмыс істейтін білікті мамандар көрсетіп, білгендерін бізге үйретті. Бұл жерде көбіне әскери киім тігеміз. Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақымыз 100 мың теңгеден асады», – дейді Любовь Власова-Касимова.

жаңа кәсіп

Жалпы бүгінгі күні тігін фабрикасында 70-ке жуық маман еңбек етеді. Кәсіпорын жылына 90 мың дана арнайы киім шығарады. Болашақта серіктестік жұмысшылар санын 120-ға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Осы ретте, халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын оқытудан бөлек өздері тігінші мамандығын меңгеремін деушілер үшін курс ұйымдастырмақ.

«Қазіргі таңда тігінші мамандығын халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы немесе біздің фабрикамызға тікелей келіп меңгеруге болады. Біз жас ерекшелігіне қарамаймыз, ең бастысы жұмысқа деген ынта болса болды. Әр адамға оқыту үшін шебер бекітіледі. Курс барысында біз ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде шәкіртақы төлейміз. Бүгінгі күні кәсіпорынға тігіншілер, технолог көмекшісі, тігін қондырғыларының механигі, есепші мамандар қажет», – дейді «Прогресс» тігін фабрикасы» ЖШС PR-менеджері Динара Төлегенова.

жаңа кәсіп

Жалпы былтыр 86 солтүстікқазақстандық тігінші, шаштараз, аспаз, механик, құрылысшы сияқты мамандықты меңгеру үшін оқытудан өткен.

«Бүгінгі күні шаштараз мамандығын 15 адам меңгеріп жатыр. Мұнымен қоса, «Максимальный размах» серіктестігіне аспаз, кондитер, наубайшы мамандықтарын меңгеру үшін азаматтарды жіберудеміз. Сондай-ақ, оқыту курсынан өтіп жүрген жұмыссыздарға 20 АЕК көлемінде шәкіртақы төлейміз», – дейді Петропавл қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Еркебұлан Райымбеков.

Биыл халықты жұмыспен қамту орталығы 150 тұрғынды оқытудан өткізуді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Жүргізуші куәлігінен айырылған солтүстікқазақстандық мас күйінде тағы көлік тізгіндеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x